Солтүстік Қазақстанда күн күркіреп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. 5 қыркүйек күндіз және 6 қыркүйек тәулік бойы кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады. 5 қыркүйек күндіз солтүстік-шығыстан қатты жел тұрады. Жел екпіні кей жерлерде - 15-20, 25 м/с жетеді. Ал 6 қыркүйек күні желдің күші - 15-20, кей жерлерде - 23-28 м/с дейін күшейеді.

Петропавл қаласында 5-6 қыркүйек күндері найзағай ойнап, дауыл тұрады. 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с. 6 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны 15-20, 25 м/с жетеді.