Солтүстік Қазақстанда күшті жел соғады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті 11 қазан күнгі ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

«Қазгидромет» РМК бөлімінің дерегінше, бейсенбі күні өңірде оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, күндіз оның екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Петропавлда 11 қазанда оңтүстік-батыс, батыс желі есіп, оның жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болуы ықтимал.