Солтүстік Қазақстанда күшті жел тұруы ықтимал
14:57, 05 Маусым 2018
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 6 маусымға Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, өңірде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Дауыл тұру ықтималы - 90-95%.
«Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды ескерту үшін қажетті шараларды қарастыруды ұсынады», - делінген департаменттің хабарламасында.