Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы колледждің 16 жасар студенті және Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны өздеріне қол жұмсаған.
«Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан қыз бен жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Олар хатты туыс-туғандарына арнап жазған. Сонымен бірге орманда жігітке тиесілі ВАЗ-2109 автокөлігі де болды» деп мәлім етті полиция департаментінен.
Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.