Оқиға Петропавлдың 20-шы шағын ауданында Есіл өзенінде орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2004 жылғы бала шомылуға рұқсат етілмеген жерде ересектердің бақылауынсыз суға түскен. Оның мүрдесі судан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бұл СҚО-да апта ішінде суда бала қайтыс болған екінші жағдай. Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданындағы көлде 13 жастағы қыз суға батып кеткен. Жыл басынан бастап өңірде барлығы 7 адам суға кеткен.