«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 3-4 сәуір күндері күн жылы болуына байланысты өңірде қар жамылғысы еріп, өзен суының шабындықтарға жайылу қаупі бар.
Еске сала кетейік, 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайларға жоғары дайындық режиміне көшкен. Әсіресе Шал ақын ауданындағы Кіші Таранғұл көлінен қауіп болуы мүмкін екендігі ескертіліп, көлдегі су деңгейін түсіру үшін су жіберілетін арна қалпына келтірілген.
Бұған дейін өңірде қалыңдығы 1,5 метр тоң су тасқынына соқтыруы мүмкін екендігін хабарлаған едік.