«Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы жаз айларына ауа райының болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, маусым айының соңында өңірде ауа температурасы түнде 5 10 ° С, кей жерлерде 13 20 ° С-қа дейін, күндіз 15 20 ° С-тан, кей жерлерде 23 33 ° С-ке дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетпек.
«Шілдеде ауаның орташа айлық температурасы 19 20°С болады деп болжанған, бұл норма. Айдың әр онкүндігінде Атлант және Қара теңіз аудандарынан суық және ылғалды ауа массаларының басып кіруі нәтижесінде қысқа мерзімге күн суытады. Облыс бойынша жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының түнде 7 12°С, күндіз 17 23°С дейін төмендеуі болжанған», - дейді метеоболжау бөлімінің басшысы Гүлзат Ғазизова.
Ал Иран мен Орта Азия аудандарынан ыстық тропикалық ауаның келуіне байланысты температура айтарлықтай жоғарыламақ.
Термометр бағаны түнде 15 20°С-ке дейін, күндіз 30 32°С белгісіне дейін көтеріледі.
«Жауын-шашын мөлшері шілдеде облыстың басым бөлігінде нормадан артық болмақ, жалпы норма - 53-69 мм. Бір ай бойы қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай жиі болады деп болжанған. Тамыз айында да жауын-шашын мөлшерден артық 40-53 мм жауады. Ал ауа температурасы қалыпты, 17 18°С шамасында болады», - дейді Гүлзат Ғазизова.