СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы басшысының орынбасары Игорь Балеевтің ақпараты бойынша, ТЖ орнында өрт сөндірушілер жалын құшқан ғимараттың айналасынан қатты түтінді байқаған. Өрт туралы ақпараттың кеш түсуі салдарынан тілсіз жау үлкен аумақты шарпып үлгерген. Құтқарушылар келгенге дейін 3,6 мың текше метр жанып кеткен.
«Өрттің салдарынан алдын ала болжам бойынша, азық-түліктің жануы мен жоғары температура салдарынан 28 бас шошқа мен 95 бас торай өліп қалған. Ғимараттың шатыры опырылған. Сэндвич-панелдерден жасалған ғимараттың құрылымы зақымданған», - деді Игорь Балеев.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт ғимараттың ішіндегі электр щитіндегі қысқа тұйықталу салдарынан шыққан. Залалдың сомасы анықталуда.
Өртті жоюға 30 адам, 9 автотехника жұмылдырылды. «Мериан» ЖШС шошқа кешені 100 мың басқа арналған, 2007 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Өрт №1 ғимараттан шыққан.