Солтүстік Қазақстанда студенттер жатақханасын пайдалануға беру мерзімі жеті айға ауыстырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері үшін екі жатақхананы пайдалануға беру мерзімі жеті айға кейінге қалдырылады. Олар биылғы жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Amanat партиясы филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, нысандарды Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода аралады. Олар нысандарды тапсыру мерзімі келесі жылдың тамыз айына неге ауыстырылғанын анықтауға тырысты.

Мердігердің айтуынша, құрылыстың кешіктірілгеніне тендерге қатысушылардың бірінің сотта дауласуы және жақын маңдағы жекеменшік үйлерді бұзу мәселесіне байланысты туындаған проблемалар себеп болды.

«Жылу мен су болмаса, нысан іске қосылмайды. Біз Петропавл әкімдігінен жақын жерде орналасқан үш үйді сатып алу керек деген қанағаттанарлық емес жауап алдық. Егер қараша-желтоқсан айларында біз инфрақұрылым жүргізбесек. онда мердігердің нысанды пайдалануға беру мерзімі белгісіз уақытқа кешіктіріледі. Ол қыста ішкі жұмыстарды жүргізе алмайды», - деді Е.Мәмбетов.

Жобаның құны-5,5 млрд теңге. Жатақханалар 1200 орынға есептелген. Мердігер - «Основание» ЖШС.

Колледж студенттеріге арналған екі жатақхананың құрылысы да созылды. Оларды биыл тапсыруға уәде берді.