«26 қараша күні 00:57-де Петропавл стансасының «СҚО Леском» ЖШС кірме жолының технологиялық өткелінде 10 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан ЧМЭ-3 тепловозы тіркемелі «МАЗ» автомашинасымен соқтығысып қалды», - делінген хабарламада.
Соқтығысу салдарынан тепловоз рельстен шығып кеткен, ал «МАЗ» аударылып түскен.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Апатқа «МАЗ» жүргізушісінің теміржол өткелін кесіп өту ережелерін бұзуы себеп болған.