Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты осындай шешім қабылданған. Өңірде ауа температурасы нөлден төмен болса да, жаңбыр жауып тұр, жел күшейіп барады. Соның салдарынан жолдарға мұз қатып, көктайғақ болған.
Еске сала кетсек, бір күн бұрын «112» қызметі ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.