«28.08.2022 жылы Петропавл қаласы ПБ бірінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған баланың өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», - делінген ресми хабарламада.
17:48, 28 Тамыз 2022
Солтүстік Қазақстанда жасөспірім өзіне қол салды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Петропавлда жасөспірімнің өзіне қол салуы бойынша факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ телеграмдағы жаңалықтар каналына сілтеме жасап.