Солтүстік Қазақстанда жолдарды су басудың 27 оқиғасы орын алды

None
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті жолдарды су басудың 27 оқиғасы болды, деп хабарлады ТЖ жөніндегі аймақтық департаменттің баспасөз қызметі.

«Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Қызылжар, Тайынша, Есіл аудандарында жергілікті жолдарды су басудың 27 оқиғасы болды», - делінген баспасөз қыметінің хабарламасында.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес Петропавл қаласы маңында Есіл өзені деңгейінің көтерілуі 3-10 мамыр аралығында болмақ.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар құтқарушылармен бірлесе отырып, халықты және шаруашылық субъектілерін ықтимал тасқыннан сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларын кешенін жүргізуде.

«Осыған байланысты СҚО ТЖ департаменті ТЖ министрлігігімен бірлесіп, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан, Астана қаласынан қосымша күш пен құралдарды тарту мәселесін пысықтады, Солтүстік Қазақстан облысына құрамында 187 адам, 27 бірлік техника, 23 жүзу құралдары бар қосымша күш келді. Олар ең қауіпті учаскелерге: Г.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Уәлиханов аудандарына және Петропавл қаласына шоғырландырылған», - деп хабарлады аймақтық құтқару ведомствосы.