АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау берілуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатта көрсетілгендей, енді Солтүстік Қазақстан облысының келесі елді мекендерге мына атаулар беріледі:
Айыртау ауданы бойынша:
- Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
- Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына - Баянтай атауы беріледі.
Шал ақын ауданы бойынша:
- Кривощеков ауылдық округіне - Арай;
- Кривощеково ауылына - Арай ауылы атауы берілмек.
Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.