«9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған.Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан көз жұмды», - делінген хабарламада.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде.