Солтүстік Қазақстанның агроқұрылымдарында дәнді дақылдарды жинау екпінді жүргізілуде
11:04, 03 Қыркүйек 2011
ПЕТРОПАВЛ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының агроқұрылымдарында егін орағы науқаны қарқынды жүргізілуде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, 2 қыркүйекке аймақта 417 мың гектар алқаптың егіні орылды, бұл дәнді дақылдар көлемінің 12 пайызын құрайды.
Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау басталды, бүгінде оның 50 мың гектардан астамы орылды.
Облыстың барлық шаруашылықтары, негізінен, жанар-жағармайларымен қамтамасыз етілді, аймақта бұл бағытта үш оператор жұмыс жасайды, сондықтан да отынмен қамтуда іркіліс жоқ.
Келесі жылдың егісіне пар әзірленуде, оның алқаптары үшінші рет толық өңделді.