Солтүстік Корея БАҚ-тары Ким Чен Ынды партия көсемі деп атады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ким Чен Ын әкесі қайтыс болғаннан кейін босаған басшылық лауазымдарға ие болуда, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Солтүстіккореялық БАҚ-тардың хабарлауынша, бұдан 10 күн бұрын қайтыс болған КХДР көшбасшысы Ким Чен Ирдің кіші ұлы - Ким Чен Ын осы елдің коммунистік партиясының өзекті лауазымына отырды.

Rodong Sinmun газеті оны Корея Еңбек партиясы Орталық Комитетінің басшысы деп атады. ҚХДР әскерилері «сарбаздар ОК басшысы Ким Чен Ынды қорғау үшін өз өмірін қиюы тиіс» деген ұранды қолдады.

Ким Чен Ир қайтыс болғаны туралы хабардан соң-ақ солтүстіккорелық БАҚ оны «ұлы мұрагер», ал кейіннен «жоғарғы бас қолбасшы» деп атады.

Ол Ким Чен Ирді жерлеу жөніндегі комиссия тізімінің де басында тұр.

Міне осы жағдайлардың бәрін көптеген бақылаушылар нақ осы Ким Чен Ын КХДР-дың жаңа басшысы деп пайымдауға негіз болады деп санайды.

Ким Чен Ирді жерлеу сенбі күні болмақ.