Солтүстік Корея кемеге қарсы қолданылатын зымырандар ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея шығыс жағалауына қарай кемеге қарсы бірнеше зымыран ұшырды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС .

Ұшырылған зымырандар Жапон теңізіне құлаған.
«Солтүстік Корея Вонсан ауданынан (шығыс жағалауы) шамамен кемеге қарсы қолданылатын зымырандарды ұшырды», - деп мәлімдеді Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитеті.

Yonhap агенттігінің деректеріне қарағанда, сынақтан өткізілген қанатты зымыран баллистикалық қару емес. Бұл ақпаратты үкімет көздеріне сілтеме жасай отырып NHK арнасы да растады.