Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арада жасалған шабуыл жасамау туралы келісімнен бас тартты

None
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея бұған дейін Оңтүстік Кореямен арада шабуыл жасамау туралы жасалған бейбіт келісімнен біржақты түрде бас тартатынын мәлімдеді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты қабылдаған соңғы шешіміне іле-шала ресми Пхеньян осылай жауап берді.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі халықаралық қауымдастықтың тыйымына қарамастан ядролық сынақ жүргізген Солтүстік Корея мемлекетіне қарсы жаңа санкциялар енгізуді бірауыздан қолдап қарар қабылдаған.

Бейсенбі күні Солтүстік Корея билігі АҚШ-қа қарсы «алдын ала» ядролық соққы беретінін айтып сес көрсеткен еді. АҚШ Солтүстік Кореяның зымырандарынан қорғануға қабілетті екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық».