Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арадағы шекараны ашуға келісті

АСТАНА. Тамыздың 17-сі.  ҚазАқпарат -  Корея Халық  Демократиялық  Республикасының   өкіметі   Оңтүстік Кореямен  арадағы  шекараны қайта ашуға,      екі ел  арасындағы туристік   сапарларды жандандыруға   және бөлініп кеткен   отбасы мүшелерінің     кездесіп тұруларына   келісті,

 деп   хабарлайды  Кореяның Орталық   телеграф агенттігі.

 Сондай-ақ, Пхеньянның     оңтүстіккорейлік  компаниялар    атсалысып отырған  Кэсон   өнеркәсіптік  аумағын дамыту  жобасы  аясындағы жұмыстарды   жандандыруға  келіскендігі   де  хабарланып  отыр.

 Бұл  сүйінші  хабар Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир   оңтүстіккорейлік Hyundai концернінің  басшысымен болған  кездесуден кейін жария етіліп  отыр.