Корей агенттігінің ақпараты бойынша, Қызыл Крест комитетінің Солтүстік Кореядағы бөлімінің басшысы өзінің оңтүстіккорейлік әріптесіне екі елдің шекарасында орналасқан Кымгансан таулы курортында кезінде бөлініп кеткен корейлік отбасылардың кездесулерін ұйымдастыру туралы ұсыныс жасаған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Қызыл Крестің оңтүстіккорейлік бөлімі бұл ұсынысты ел үкіметімен талқыламақ.
14:17, 11 Қыркүйек 2010
Солтүстік Корея Сеулге отбасыларды қосу туралы келіссөз жүргізуді ұсынды
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея Сеулге Халықаралық Қызыл Крест комитетінің аймақтық бөлімінің көмегімен 1950-1953 жылдардағы корей соғысы ажыратқан отбасыларды қосу туралы келіссөз жүргізуді ұсынып отыр, деп хабарлады Рейтер агенттігі Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.