Атап өтілгендей, бұл мұндай сериядағы ракеталардың осы айдағы екінші ұшырылымы.
Зымырандар 410 шақырым ұзақтыққа және 50 шақырым биіктікке ұшқан.
«Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың барлау органдары өзге мәліметтерді талдауда. Біздің әскерилер қосымша ұшырылымдар болған жағдайға және шабуылға дайындықты ұстап тұру үшін мәселені бақылауға алды», - делінген JCS мәліметінде.
JCS бүтін әлем коронавирус пандемиясына байланысты қиындыққа ұшыраған қазіргі кезде ұшырылымдардың жасалуын сынға алды. Сондай-ақ мұндай әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға шақырды.
Солтүстік Корея зымырандар сынағын биыл үшінші рет өткізіп отыр. Соңғы ұшырылым 9 наурызда жасалған болатын.