11:26, 18 Маусым 2009
Солтүстік Корея шығыс жағалаудағы навигацияны жапты
ПХЕНЬЯН. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Солтүсті Корея себебін түсіндірместен, шығыс жағалаудың біраз бөлігін навигация үшін жапты.
Понсон айлағы ауданындағы тыйым салынған аумақтың ұзындығы ? 263 шақырымды шамалайды. Жапонияның Теңіздегі қауіпсіздік басқармасы Пхеньянның кеме капитандарына радио арқылы беріп жатқан тиісті нұсқауларын ұстап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап. Салынып отырған тыйым маусымның 30-ына дейінгі аралықты қамтитын болады. Айдың басында Солтүстік Корея осы аймақты кеме қатынасы үшін жапқан болатын. Ол жолы да ешқандай себеп айтылмаған еді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тыйым зымыран сынағымен немесе басқа да әскери жаттығулармен байланысты болуы мүмкін.