Солтүстік Корея тағы да зымыран сынағын жасады
08:14, 03 Шілде 2009
ПХЕНЬЯН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея кешегі тәулікте төртінші рет зымыран сынағын жасады, бұл жолы жақын қашықтықтағы зымыран сыналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасап
РЕНХАП агенттігінің хабарлауынша, кешегі тәулікте ұшырылған «жер үсті -кеме» санатындағы барлық төрт зымыран елдің шығысындағы полигоннан ұшырылған. Соңғы, төртінші зымыран жергілікті уақыт 21.20-да ұшырылған, делінген хабарламада.
Оңтүстіккорейлік дереккөздердің хабарлауынша зымыран шамамен жағалаудан 100 шақырымдай жерге, Солтүстік Корея маусымның 25-і мен шілденің 10-ы аралығында әскери жаттығу өткізуді жоспарлаған ауданға құлаған.