Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

None
ПХЕНЬЯН. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея сейсенбі күні кешке елдің шығыс жағалауында шағын қашықтықтағы тағы бір зымыран ұшырды.
Зымыранның ұшырылғаны туралы «Ренхап» агенттігінің солтүстіккорейлік үкіметтегі дереккөзі хабарлаған. Кеше күндіз Солтүстік Корея шағын қашықтықтағы екі зымыран ұшырған болатын. Олар да елдің шығыс жағалауында көкке көтерілген еді. «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, шартты атауы KN-01 деп аталатын мұндай зымыранның ұшу қашықтығы 160 шақырымды құрайды. Ал оның алдында шығыс жағалаудағы Кильчу уезі ауданында Солтүстік Корея қуаты 20 килотоннаға жететін ядролық қарудың жерасты сынағын өткізген болатын. Дүйсенбі күні БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Корея жасаған ядролық сынақты үзілді-кесілді айыптап, осыған байланысты жаңа қарар қабылдау туралы шешім шығарды.