өзінің ядролық бағдарламасын кеңейту жоспарын ресми жария етті және уранды байыту жөніндегі кәсіпорындарында бірнеше мыңдай центрифуганың жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Қазіргі таңда елде жеңіл судың негізінде жұмыс істейтін реактордың құрылысы жүріп жатыр. Оны отынмен қамтамасыз ету үшін бірнеше мыңдаған центрифугамен жарақталған кәсіпорын жұмыс істеуде», деп жазады Кореяның Еңбек партиясының орталық басылым органы "Нодон Синмун" газеті.
Ал Кореяның Орталық телеграф агенттігі, «бейбіт мақсаттағы ядролық энергетика нысандарын дамыту ісі келешекте бұдан да белсендірек жүргізілетінін» хабарлап отыр.
Бұған дейін Солтүстік Корея елде жеңіл сулы реактормен жұмыс істейтін атом-электр стансылары үшін уранды байытуға арналған 2 мың ғана центрифуганың жұмыс істейтінін айтқан болатын. 3-5 пайызға дейін байытылған уран-238 материалы атомдық-электр стансыларына отын бола алады. Ал атом қаруын жасау үшін уранды 90 пайызға дейін байыту керек. Бірақ ол үшін жоғары технологиялар қажет. Сарапшылардың пайымдауынша, Солтүстік Кореяда әзірге ондай технологиялар жоқ, бірақ елдің оған ие болатын күні алыс емес.