Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтату шарттарын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер АҚШ Оңтүстік Кореямен әскери жаттығуларын үзетін болса, КХДР ядролық сынақтарын тоқтатады, деп хабарлады РИА Новости солтүстіккореялық СІМ басшысы Ли Су Ёнге сілтеме жасап. .

Корея түбегіндегі жағдай 6 қаңтардағы КХДР-дың ядролық қаруды төртінші рет сынауынан және 7 ақпанда зымыран-тасығыштың көмегімен спутникті ұшыруынан кейін шиеленісіп кетті, Сеулдің пайымдауынша, ол 12 мың шақырым қашықтыққа ядролық соққы беруге пайдаланылуы мүмкін.

Өткен жұма күні оңтүстіккореялық БАҚ КХДР елдің шығыс жағалауынан орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшыруды сәтсіз жүргізді, деп хабарлады. Оңтүстіккорялық барлау мәліметтері бойынша, зымыран ұшыру басталғаннан соң бірнеше секундтан кейін радардан жоғалып кеткен. Мамандар ол әуеде жарылған болуы мүмкін дейді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сенбі күні КХДР-дың жаңа баллистикалық зымыранды сынауды жүзеге асыруын батыл айыптады, мұндай ұшырулар тіпті сәтсіз болғанына қарамастан, БҰҰ қарарын бұзу деп мәлімдеді.