Йонхап ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, қандай түрге жататыны анықталмаған зымыран Жапон теңізіне қарай орналасқан Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан ұшырылған.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер оның ұшу жолын бақылап отырған және зымыран 500 шақырым жерге дейін ұшқан.
Қазіргі уақытта зымыранның ұшырылу оқиғасы АҚШ-та зерттеліп жатыр.
КХДР басшысы Ким Чен Ын 1 қаңтардағы телеүндеуі кезінде континентаралық баллистикалық зымырандарды жасаудың соңғы кезеңін бастағанын айтқан болатын.