Солтүстік Кореяда шетел туристерін 3G интернетке қолжетімділіктен айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяда туристерді 3G интернетке қолжетімділіктен айырды. БАҚ деректеріне сүйенсек, бұл туралы Koryolink жергілікті интернет-операторы хабарлады, деп жазады Утро.ру.

«Өкінішке орай, белгілі бір уақытқа жергілікті интернет-провайдерден 3G интернетті сөндіруге тура келді. Сервисті қалпына келтірген кезде бірден хабар береміз», - делінген Koryolink хабарламасында.

Оған дейін шетел азаматтары визаның қолданыс мерзімі біткен кезде бір уақытта аяқталатын 3G интернетке арналған СИМ-карта сатып ала алады. Сонымен бірге, Солтүстік Корея азаматтарының цензурадан өтпеген интернетке қолжетімділіктері болмайды.

Мобильдік желіге қолжетімділік 12 маусымда Пхеньянда Koryo Hotel қонақүйі өртенгеннен кейін (суреттері әлеуметтік желіде пайда болған) бір күн өткен соң шектелген. Биліктің айтуынша, туристер әлеуметтік желілерде, елдің оң имиджіне ықпал етпейтін фотосуреттермен бөліседі.