Бұл туралы мәліметті Гамильтон америкалық окуругіндегі коронердің рәсми өкілі Джастин Вайбер айтты.
«Қайтыс болған жігіттің туыстарының өтініші бойынша мәйіт медициналық тексеруден өткізілмейді», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Отто Вомбиердің мәйітіне жалпы тексеру жүргізілген, алайда оның нәтижелері жарияланбайтын болады. Студент өмірінің соңғы кездері Цинциннатидегі емханада бақылауда болды. «Отто Вомбиерге қатысты қандай да бір мәліметтерді таратпас бұрын, біз оның ауру тарихымен және басқа да жайттармен танысу керекпіз», деп атап айтты коронера өкілі.
Бұған дейін Солтүстік Кореяда насихаттық плакаттарды ұрлады және елдің беделін түсірді деп айыпталып 15 жылға сотталған америкалық студент Отто Фредерик Вомбиер қайтыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз .
Айта кетейік, 15 жылға сотталған Вомбиер Солтүстік Кореяға 2015 жылы 25 желтоқсанда Бейжіңнен туристік топ құрамында келген. Ол 1 қаңтар күні шетелдік туристерге арналған «Янгакто» қонақ үйінің қызметтік ғимаратына кіріп, ілінген саяси плакаттарды жыртып тастаған. Америкалық студент өзінің кінәсін толық мойындап, саяси арандатушылықтарға тап болғандығын айтты. Вомбиер маусым айының ортасында денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден босатылған еді.
Фото: BBC