Солтүстік Кореяда жаңа зымыран базасы салынды

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның батыс жағалауында Тончхан (Dongchang-ri) аса ірі заманауи зымыран базасының құрылысы аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Жаңа полигоннан Корей Халық Демократиялық Республикасының әскерилері ең жаңа құрылықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыра алады.