Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ир дүниеден өтті

АСТАНА. 19 желтоқсан. Солтүстік Кореяның мемлекеттік тедедидары ел көшбасшысы Ким Чен Ирдің қайтыс болғанын хабарлады. Ол 69 жаста болатын, деп хабарлады Би-Би-Сим агенттігі.

Ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, КДХР теледидарында оқылған хабар «қайғылы көңіл күйде» берілген. Қара жамылған диктор Кир Чен Ирдің сенбі күні аса ауыр сырқаттан қайтыс болғанын хабарлаған. Солтүстіккореялық көшбасшы көптен бері айықпас дертке ұшыраған болатын.

Бұдан бір жылдан астам уақыттан бері Ким Чен Ирдің кіші ұлы мұрагер болатыны айтылып жүрген, алайда әзірге бұл жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.