Солтүстік Королинада ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Джорджия штатында Флоридадан Мэйкон округіне бағыт алған Cessna ұшағы Солтүстік Королинада апатқа ұшырады.

Бұл туралы утро. ру хабарлады.

 Авиация билік өкілдерінің берген мәліметіне сүйенсек, ұшақ қону барысында оң жаққа қарай бұрылып, оң қанатымен жолаққа келіп соғылған, соның салдарынан ұшақ өртенген. Бортта болған 5 адам қаза тапты. Олардың жеке тұлғасы әзірге белгісіз. Апаттың салдары анықталуда.