Солтүстік Македония мен Албания Еуроодаққа кіру бойынша келіссөздерді бастады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақты кеңейіп келеді. Сейсенбі күні Брюссель Солтүстік Македония мен Албанияның ЕО-ға қосылуы туралы ресми келіссөздерді бастағанын тарихи сәт деп атады. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен екі елдің премьер-министрлерімен әңгімесінде бұл үдеріс жылдарға созылса да, қосымша саяси және экономикалық тұрақтылық әкеледі деп үмітенетінін айтты.

«Инвестиция ағылып, сауда байланыстары жақсарады. Энергетика және көлік сияқты негізгі салаларда тығыз ынтымақтастық орнайды. Сіз ЕО қаражатын көбірек және барынша тиімді пайдалана аласыз. Демек, жаңа жұмыс орындары, жаңа бизнес мүмкіндіктері пайда болады. Міне, сіздердің азаматтарыңыздың көптен күткені, олар үшін аянбай еңбек еткені және оларға лайықты нәрсе», - деді төрайым.

Солтүстік Македония кандидат мәртебесін сонау 2005 жылы алған. Содан бері ол өз еліндегі болгар ықпалын мойындау үшін Конституциясын өзгертуге мәжбүр болған. София македон тілінің шығу тегі туралы өз нұсқасын талап етіп отыр. Парламент Скопьеде Болгариямен Солтүстік Македониядағы болгар азшылығын тану туралы келісімді бекітті. Премьер-министр Брюссельде Солтүстік Македония НАТО-ға интеграцияланған сияқты «Еуроодақпен ерте интеграцияның оң үлгісі» болғысы келетінін мәлімдеді.

«Бүгін бірінші үкіметаралық конференцияда барлық мүше елдер біздің ЕО-ға мүшелікке қадамымызды құптады. Барлық саясаткерлерлеріміз бұл жолды қолдауға міндетті. Бұл Солтүстік Македония Республикасы үшін анағұрлым табысты, демократиялық және гүлденген болашақты құрудың жалғыз жолы», - деді Димитар Ковачевски.

Бұл конференция мен келіссөздерге Албания тарапынан ел премьер-министрі Эди Рама қатысты. Албания кандидаттыққа 2014 жылдан бері үміткер. Албания мен Македонияның одаққа кіруінің нақты мерзімі белгіленбеген. Мүшелік туралы келіссөздердің сәтті өтуі елдердің ЕО заңдары мен ережелерін, заң үстемдігі қағидаттарын қаншалықты жылдам қолдануына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресуге кепілдік бере алатынына байланысты.





Фото: cdncloudcart.com