Алғашқы рет Нортбрук аралының бір бөлігін бөлу туралы мәселе 2006 жылы туындаған. Ол кезде "Ямал" атом мұзжарғышының капитаны Станислав Румянцев аралдың батыс және шығыс бөлігіндегі қылталарды су шайып кеткен деген мәліметтердің бар екенін хабарлаған еді.
СФ гидрографиялық қызмет экспедициясы Франц-Иосифтің Жеріне жорығын аяқтап, Мурманск портына келді. Экспедиция Нортбрук аралын екі бөлікке бөліп тұрған бұғазды тауып алды, қатысушылар жағалауды топографиялық суретке түсірді және пайда болған бұғаздың тереңдігін өлшеді.