деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Былтыр үйірлі емес шегіртке зиянкестері шамамен 400 мың гектар жерге таралып, ауыл шаруашылығына біраз шығын келтірген болатын. Биыл 895,5 мың гектар аумақты шарпиды деген болжам бар.
Үйірлі емес шегірткелерге қарсы облыстарда 335 млн. теңге бөлініп, ошақтарды дәрілеу шаралары басталып кетті. Тек Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде бұл жұмыстар қолға алынбауда, деді С. Хасенов.
Оның атап көрсеткеніндей, үйірлі емес шегірткелерге қарсы шараларға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмайды. Қаржы бөлу, шегірткелердің таралу аймағына зерттеу жасау жұмыстарын жергілікті билік жүзеге асырады.
«Үйірлі емес шегірткелердің зияны үйірлі зиянкестерден кем түспейді. Себебі, олар кейін топтасып егістік, шабындықтарға қаптайды. Сондықтан жергілікті әкімшіліктердің осы жайтқа аз уақыттың ішінде көңіл бөлгендері жөн», - деді С.Хасенов.