Солтүстік өңірлерге қоныстандыру: Түркістандық тілшілерге ақпараттық тур ұйымдастырылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының бір топ журналисі «Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпараттық туры аясында солтүстік өңірге сапар шекті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпараттық турдың бастымақсаты – күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігіментанысу.

Осы орайда,Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавлқаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков жәнеТүркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов,Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтікбағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашевтің қатысуыменбаспасөз мәслихаты өтті.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылданбастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқаноңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандыру, оларға қажетті жағдайжасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігітұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібінашамын деушілерге егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бостұрған ғимараттар ұсынылды. Азаматтардың барлығы көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектермен қамтамасызетілуде.

Айта кетейік, Түркістаноблысынан қоныс аударушылар аталмыш бағдарламаға қатысушылардың 60 пайызын құрайды.

Жұмыс күші тапшыөңірлерді еңбек күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялықтеңгерімсіздікті жою мақсатында бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қонысаударуға жәрдем ретінде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

1) көшуге материалдық көмек беруді,

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдыққызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшінЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханаларданбөлмелер беруді;

4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмысберушілерге субсидиялар беруді;

5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білімалу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәнекәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне– отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмекберіледі.

Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қонысаударды.

Оның ішінде:

-22отбасы,92 адам Қостанай облысына;

- 46отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстан облысына;

-94отбасы, 282 адам Солтүстік Қазақстаноблысына ;

-44отбасы, 219 адам Павлодар облысына көшіп барды.

Қоныс аударған 683 адамның 287-сі еңбекке қабілетті болса, 204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8адам жеке кәсібін ашты. Ал 75 тұрғын бала күтімімен айналысып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр.

Халықтыынталандыру мақсатында Түркістаноблысына солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең-кезеңімен түсіндіру жұмыстарынжүргізуде.

Жалпы 2018 жылға 8 топ, 151 жұмыс беруші келсе, 2019жылға 6 топ, 96 жұмыс беруші облыстаболып,халыққа бағдарламаның тиімділіктерін түсіндірді.

Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында 2019 жылдың24 мамырында республикамыздың Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердіңқатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 650-ден астам ниет білдіруші азаматқатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Сонымен қатар демеушілер есебінен150-ге жуық ниет білдіруші Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс-тіршілігіментанысып, өз көздерімен көріп қайтты.

Қазіргі таңда халықты солтүстікөңірлерге қоныстандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Түркістаноблысынан қызығушылық танытқан тұрғындарсаны артып, қоныс аударушылар көбеюде.

Соңғы жаңалықтар