Бұл жаңа желі Оңтүстік Қазақстанға жеткізілетін электр қуатының көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
- Ұзындығы 1 100 шақырымдық, қуаты 500 кВт кернеулі желі еліміздің электр энергиясының айтулы бөлігі шоғырланған Екібастұз қаласын Жамбыл облысының Шу қаласымен байланыстыратын болады, деп атап көрсетті «KEGOС» компаниясының басқарма басшысы Қанат Бозымбаев бүгін ТМД энергетиктерінің алтыншы халықаралық жарысының ашылуы рәсімінде.
Оның айтуынша, оңтүстік энергия жүйесі электр қуатына мұқтаж. Ал жаңа желі іске қосылғаннан кейін, өңірге жеткізілетін электр қуаты еселенеді, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның электр жүйесінің сенімділігі мен энергия орнықтылығы арта түседі.
- Жазда біз Оңтүстік Қазақстан облысына су керек болу себепті ғана, қырғыз электр энергиясын импорттаймыз. Бірақ негізінен біз өз электр қуатымызды пайдаланатын боламыз», - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.