46 жастағы ер адам үйінде үш пулемет пен оларға арналған қосалқы оқпан, тапанша, РГД гранатасы, түрлі калибрлі 600 патрон, Калашников автоматының оқтары салынған үш оқшантай сақтап келген. Автоматтың өзі үйде болмай шыққан, деп хабарлайды осы республиканың ІІМ баспасөз қызметінен.
08:49, 05 Тамыз 2013
Солтүстік Осетия тұрғынының үйінен үш ірі калибрлі пулемет табылды
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Осетияның Ардон қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінен қомақты қару-жарақ қоймасы табылды.