Республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралдарында осындай хабарландыру орналастырылды. Қандай да бір мәлімет білетін азаматтарға Федералдық қауіпсіздік қызметінің және Солтүстік Осетияның Ішкі істер министрлігінің сенім телефондарына хабарласу туралы өтініш жасалуда.
07:46, 14 Қыркүйек 2010
Солтүстік Осетияда лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар туралы мәлімет үшін миллион рубль сыйақы тағайындалды
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Осетия өкіметі қыркүйектің 9-ында Владикавказдың орталық базарындағы лаңкестік әрекетті жасауға қатысы бар тұлғалар туралы мәліметтер үшін 1 миллион рубль көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы «Балтинфо» ақпарат агенттігі хабарлап отыр.