Аман қалған 23 экипаж мүшесі тікұшақтармен эвакуацияланды. 7 адам борттан секіріп кеткен, олар құтқару қайықтарымен жағалауға жеткізілді.
Панама туы ілінген Fremantle Highway кемесі немістің Бремерхафен портынан Порт-Саидке 3 мыңнан астам автокөлікті тасымалдап бара жатқан. Апат туралы белгі голландиялық Амеланд аралынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде түн жарымынан асқанда беріледі. Болжам бойынша, өрттің тұтануына электрокар себеп болған. Бұл туралы корольдік жағалау күзетінің өкілі NOS ұлттық телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Құтқарушылар өртті сөндіріп, кеменің батып кетуін болдырмауға тырысып жатыр. Себебі, ол экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.