Бұл жерде Ұлыбританияның British Petroleum компаниясы мұнай өндіреді. Ақау Шетланд аралдарынан 75 шақырым жердегі «Клейр» платформасынан шыққан. Мұнай теңізге бір сағаттай ағып тұрған. Осыған байланысты ақау шыққан платформада жұмыс тоқтатылды. Компания өкілдері қара алтынның суға араласуын бақылап, кез келген тосын жайға дайын тұратынын айтады. Әуеден жүргізілген зерттеулерге қарағанда, суға төгілген мұнай солтүстік жағалауға қарай жайылып келеді.
04:28, 05 Қазан 2016
Солтүстік теңізге 95 тонна мұнай төгілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік теңізге 95 тоннадан астам мұнай төгілді, деп хабарлайды Хабар 24 телернасы