Солтүстікқазақстандық екі спортшы Ванкувер олимпиадасына қатысады

None
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Ақпан айында Канаданың Ванкувер қаласында 2010 жылдың басты спорттық додасы - қысқы Олимпиада ойындары өтетіні баршаға аян.

Осынау байрақты бәсекеге ұлттық құраманың қатарында екі солтүстікқазақстандық спортшы қатысады.

Жыл басындағы жағдай бойынша Қазақстанның 35 спортшысы Ванкувер олимпиадасына лицензиялар жеңіп алды. Республика спортшылары спорттың сегіз түрі бойынша, атап айтқанда конькимен сырғанау, биатлон, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл және шорт-трек спорт түрлерінен өнер көрсетеді.

Конькимен сырғанаушы солтүстікқазақстандық спортшылар: халықаралық санаттағы спорт шеберлері Дмитрий Бабенко мен Роман Креч Олимпиада ойындарына қатысу құқықтарын жеңіп алды. Дмитрий Бабенко - 5 мың метр қашықтыққа, Роман Креч 500 метр қашықтыққа жүгіреді.