Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінде ет өнімдерінің - 78 тоннасы, макарон өнімдерінің - 5 тоннасы, балдың - 13 тоннасы, сүт өнімдерінің - 14 тоннасы, картоп пен басқа да көкөністердің 559 тоннасы сатылады деп күтілуде.
Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласының 115-ке тарта кәсіпорны қатыспақ.