«Өндірістік-инвестициялық жобаларды іске асыру үшін осы жылы 65-тен аса тауарлы-сүт фермасының, оның ішінде солтүстік өңірлерде 2 мыңдай жаңа жұмыс орнын құру арқылы 45 тауарлы-сүт фермасының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жол картасы аясында 2026 жылға дейін қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріндегі агроөнеркәсіптік кешенде 20,2 мың жұмыс орнын құра отырып, 530 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген», - дейді Үкімет басшысы жауабында.
Премьер-Министр биыл Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғанын еске салады.
«Тұжырымдама аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандырумен мемлекеттік қолдауды, оның ішінде азаматтарды ерікті түрде экономикалық өсудің өңірлік орталықтарынан шалғай және оқшауланған елді мекендерден инфрақұрылымы дамыған, жұмыспен қамту мүмкіндіктері көбірек тірек ауылдарға және өңірлік «өсу нүктелеріне» (қалалар мен облыс орталықтарына) көшіру көзделген. Осылайша, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын аталған тұжырымдамамен сабақтастырып, кешенді түрде іске асыру жоспарланып отыр», - дейді Әлихан Смайылов.