СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабар 30 қараша күні Аққайың аудандық полиция бөліміне түскен. 17 жастағы жігіт үйінде суицид жасап, асылып қалған.
Бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 105 бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша енгізілді.
Полицейлердің айтуынша, жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.