Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары бүгін тағы да үйінде қалды. Өңірде термометр бағаны -38 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
0-11 сынып оқушылары сабақ қашықтан оқиды.
Солтүстікқазақстандық мектеп оқушылары қатты аязға байланысты екінші күн қатарынан онлайн оқуда.
Кеше облыс бойынша қоғамдық және дизель көлігі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Синоптиктердің болжамынша, өңірде осындай күн райы тағы бірнеше тәулік сақталады.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.