Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды
04:23, 09 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысына қарасты «Мамлютка-Қостанай» тас жолында жол апаты болып, Audi көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.
Оқиға 8 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мамлютка-Қостанай» тас жолында болды. Жол апатынан Audi жүргізушісі қайтыс болды. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің қалыпты жағдайда болуын қадағалау керектігін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған — Петропавл автожолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты.