Yonhap агенттігінің Корея Республикасы Қарулы Күштерінің біріккен штаб бастықтарына сілтеме жасап хабарлауынша, зымырандар таңертең Хамгён-Намдо провинциясынан ұшырылды. Снарядтар теңізге түскен деген болжам бар.
Оңтүстік Корея әскерилері ұшыруға дайындықты көргендерін және оған дайындалғанын айтты. Олар АҚШ-пен ақпарат алмасып отыр.
Бұған дейін 8 мамырда Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлаған болатынбыз.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.