Солтүстік Корея зымыран мен снаряд өндірісін арттырады
АСТАНА.KAZINFORM - Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) көшбасшысы Ким Чен Ын жаңа оқ-дәрі зауытын салу жоспарын жариялады.
Солтүстік Корея көшбасшысы зымыран және снаряд өндірісін арттыру - елдің соғысты тоқтату мүмкіндігін нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
Yonhap агенттігінің КХДР мемлекеттік жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ким Чен Ын бұл туралы қорғаныс өнеркәсібінің ірі зауыттарын аралаған кезде мәлімдеді. Зауыттардың орналасқан жері нақтыланбаған.
Ол сондай-ақ алдағы партия съезінде жаңа оқ-дәрі зауыттарын салу жоспары қабылданатынын айтты.
- Корея Халық армиясының зымыран және артиллериялық күштерінің алдағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланғандай жаңа оқ-дәрі өндірісін құру арқылы қорғаныс өнеркәсібін жаңғыртуды үздіксіз жетілдіру қажет, - деді Ким Чен Ын.
Шын мәнінде, оның тексеруі келесі жылдың басында өтетін Тоғызыншы партия съезі қарсаңында қорғаныс саласындағы жетістіктерді бағалауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін КХДР алғашқы ядролық сүңгуір қайығының суреттерін жариялады.